Өнер • 27 Мамыр, 2021

Иманбек Зейкенов ресейлік Forbes рейтингінде көш бастады

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) Ресейде 30 жасқа дейінгі табысты музыканттар рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иманбек Зейкенов ресейлік Forbes рейтингінде көш бастады

Иманбектің Forbes рейтингісінде музыка номинациясы бойынша жеңімпаз атанғаны туралы аталған басылымның сайтында көрсетілген.

Ресейлік басылым жүргізген рейтингте Иманбектен бөлек, Вячеслав Марлов (Slava Marlow), Илья Гадаев, Анна Романовская (Cream Soda) секілді музыканттар да бар.

Жалпы Forbes-тың «30 жасқа дейінгі ең табысты 30 ресейлік» рейтингі 10 аталымнан тұрады. Оның қатарында кәсіпкерлік, қаржы және инвестиция, ғылым және технология, басқару, спорт және киберспорт, әлеуметтік практиктер, жаңа медиа, музыка, өнер және мода мен дизайн аталымы бар.

Еске сала кетейік, санаулы күн бұрын Иманбек Зейкенов АҚШ-тағы әлемдік деңгейдегі Billboard Music Awards сыйлығының иегері атанды.

Одан бөлек, қазақстандық музыкант биылғы жылдың наурыз айында музыка саласында ең беделді Grammy сыйлығын жеңіп алған болатын.