Білім • 27 Мамыр, 2021

Асхат Аймағамбетов мектеп директорларына қатаң ескерту жасады

3108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Министрліктің бұйрығында жоқ есептерді талап ету фактілері расталатын болса, онда өте қатаң шаралар қолданамыз. Республикалық педагогикалық кеңесте Білім министрі Асхат Аймағамбетов осылай деді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асхат Аймағамбетов мектеп директорларына қатаң ескерту жасады

«Біз бұл мәселені бірнеше мәрте көтердік, тағы да қайталап айтамын. Директорларға, олардың орынбасарларына, білім бөлімдері мен білім басқармаларына ескертемін. Министрліктің бұйрығында жоқ есептерді талап ету фактілері расталатын болса, онда өте қатаң шаралар қолданамыз. Оны сіздер оқымайсыздар да, оқуға да ешкімнің уақыты жоқ. Оның әкетіп бара жатқан ешқандай тиімділігі де жоқ. Бостан босқа әйтеуір есеп жинау. Дегенмен, мұның алдында болған жағдаймен салыстырғанда жер мен көктей айырмашылық бар. Бірақ, кейбір мектептерде әлі күнге дейін мұндай фактілер тіркеліп отыр», деді министр.

Бұдан бөлек, министр мұғалімдер өзіне жүктелген қызметпен ғана айналысуы тиіс екендігін, құзыретіне кірмейтін басқа жұмысқа тартылмауы керектігін айтты.

«Мұғалім өзінің сабағын жүргізуі және оны сапалы өткізуі тиіс. Міне, біз осыны талап етуіміз қажет. Бұл жерде ешкім дауласа алмайды», деді Асхат Аймағамбетов.