Оқиға • 28 Мамыр, 2021

Автобустарды солтүстік өңірлерге бейімдейді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Машина жасау өндірісінің мықтылығы тек техниканың, оның құрамдас бөл­шек­терінің сапалылығына немесе қыз­мет көрсетудің жоғары дең­гейіне ғана байланысты емес. Дайын өнімге қарағанда оның ең басты ар­тық­шы­лығының бірі – жергілікті жағ­­дай­лар­ға бейімделу мүмкіндігінің болуында.

 

Автобустарды солтүстік өңірлерге бейімдейді

Мәселен, бұрын еліміздің жылы өңірі – оңтүстікте ғана пайдаланылып келген SAZ LE60 пневмо-автобустарының жоғары жайлылығы биыл Солтүстік Қа­зақ­­станда да қолжетімді болады. Отан­дық өндіруші серіктестерімен бір­ге, кө­ліктің кез келген ауа райына бейім­делген арнайы түрін жасауға кірісті.

Қостанай зауыты Қазақстан өңір­лерінің жеке сұраныстарына сай SAZ автобустарының кез келген жинақ­та­лымын жүзеге асыруға дайын.

Жоба аясында «Сарыарка­АвтоПром» ЖШС мен Samauto БК ЖШҚ арасында ынтымақтастық туралы Бас келісімге қол қойылды.

«Біз еліміздегі автобус парктеріндегі тозған техникалар мәселесін білеміз. Оны шешудің жолы – қолжетімді жолаушылар техникасын өндіріп шығару. Шығарылатын өнімді таңдау кезінде біз техникалық сипаттамаларына ерекше мән береміз: Euro V экологиялық класы және жолаушылардың қауіпсіздігі маңызды. Осы талаптың бәріне жаңа LE60 автобусы толық сәйкес келеді, сондықтан бұл жолаушылар көлігін Қазақстанда жүретін маршруттар қатарынан күтеміз», деп атап өтті «Аллюр» КТ президенті Оксана Холстинина.

Автобустарды шығару осы жыл­дың екінші жартысында басталады және жыл соңына қарай тараптар 200 бірлік техника шығаруды жоспарлап отыр. Ал келесі жылы бұдан екі есе көп тех­ника шығарылмақ.