Аймақтар • 31 Мамыр, 2021

Нұр-Сұлтанда өткен веложарысқа 200-ге жуық спортшы қатысты

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы спорт мектептерінің балалары арасында бұқаралық веложарыс өтті. Балаларды қорғау күніне, сондай-ақ ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға балалар мен жасөспірімдерден құралған 200-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда өткен веложарысқа 200-ге жуық спортшы қатысты

Веложарысқа қатысушылар үш шақырым қашықтықты велосипедпен жүріп өтті. Веложарыс соңында қатысушылар арасында ұтыс ойыны ойнатылып, бағалы сыйлықтар, велосипедтер, велоспортқа қажетті құрал-жабдықтар табысталды.

Сондай-ақ «Витрина недвижимостей» ЖШС атынан номері №6 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің оқушыларына велосипедке арналған бас киімдер табысталды.

Веложарыс карантин шараларын сақтай отырып ұйымдастырылды.