Спорт • 31 Мамыр, 2021

Қазақстандық желаяқ рекорд орнатты

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ол 320 шақырымды небәрі 44 сағат 56 минутта жүгіріп өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық желаяқ рекорд орнатты

Осылайша бастапқы жоспарланған уақыттан 3 сағатқа ерте келді. Жезқазған қаласынан шыққан желаяқты Жаңаарқа жұрты зор қошеметпен қарсы алып, көлік сыйлады.

Алғашқы күні Заңғар еш тоқтамастан 70 шақырым жүгірген, кейін әр 40 шақырым сайын аялдап отырды. Денсаулығын дәрігерлер жіті қадағалады.

Заңғар қазір әскери-полиция офицері болып еңбек етеді. Ол бұл рекордты қашықтыққа емес, уақытқа арнап отыр. Қазір Заңғардың бұл жетістігі Гиннестің рекордтар кітабына жөнелтілді. Егер олар әлемдік рекорд деп мойындаса, арнайы сертификат тапсыратын болады.

«Бұл Қазақстанның алғашқы осындай ультрамарафонды жүгіріп қойған рекорды. Сол рекорд біздің кезекті қараша айында шығатын рекордтар кітабына енейін деп отыр», дейді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков.