Сарыағаш аудандық полиция бөліміне ҰҚК Шекара қызметі Сарыағаш аудандық басқармасының «Қапланбек» шекара бақылау бекетінен хабарлама түскен.
Түнгі сағат 23:00 шамасында «Ротар» атты иісшіл ит Қазақстаннан Өзбекстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жүргіншіге үріп, белгі берген.
Тексеру барысында оның қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылып, айғақ ретінде полицейлер сараптамаға жіберген. Нәтижесінде 3 гр-ға жуық «марихуана» екені белгілі болды.
Осы оқиға бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 286-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті азамат Шымкент қаласының тұрғыны екені анықталды.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.