Аймақтар • 31 Мамыр, 2021

Қостанайда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингісі өтті

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қостанайдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық ескерткіш басына ұлттық мәдени орталықтар мен қоғамдық мекемелердің, әкімдіктер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, кезінде ата-бабасы қуғын көрген қала тұрғындары жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингісі өтті

Еске алу жиыны барысында 1921 жылдан 1954 жылға дейінгі жаппай саяси қуғын-сүргін кезінде тек Қостанай облысының өзінде 7 мың адам қудаланып, олардың екі мыңнан астамы атылғаны туралы айтылды.  Сондай-ақ қуғын-сүргін жылдары ата-анасынан айырылған балалардың тағдыры туралы әңгіме өрбіді.

Қостанай қаласының тұрғыны Вера Кожуховскаяның айтуынша, 1936 жылы Қостанай облысына поляк ұлтының өкілдері жер аударылып келген. Вера Федоровнаның аталары Меңдіқара ауданына тұрақтап қалыпты.

«Менің әжемді кәмелетке толмаған балалармен бірге мәдениет үйінің ғимаратына орналастырыпты. Үрей билеп алған балалар алғаш бұл жерді бөтенсініп, үйрене алмапты. Бірақ қиын-қыстау кезеңде бір жапырақ нанымен бөлісіп, қамқорлық танытқан жергілікті халықтың кең пейілінің арқасында осы өлкеге біржола тұрақтап, сіңісіп кетті», деді  Вера Кожуховская.

Митингіге жиналғандар мемориалдық ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір сәттік үнсіздік жариялап, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті.