Оған облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, қала әкімі Ғанибек Қазантаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек Абуов және мемлекеттік орган өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы Сыр жұртшылығы атынан ескерткішке «Тағзым гүлін» қойып, шараға қатысушылар құрбандар рухына бас иді. Бас имам құран бағыштады.
Ашаршылық кезеңін зерттеушілердің мәліметтеріне сәйкес, тоталитарлық жүйе жүргізген саясаттың салдарынан облыс аумағында 4038 отбасы қуғынға ұшырап, 1153 адам атылған екен.