Президент • 31 Мамыр, 2021

Президент Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қыздарды құттықтады

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қыздарды құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қыздарды құттықтады

Мемлекет басшысы Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатында жүлдегер атанған боксшы аруларымызды құттықтады.

«Құрлықтың ең мықты спортшылары жиналған байрақты бәйгеде Қазақстанның қыздар құрамасы ел мерейін асқақтатты. Олар қоржынымызға 10 жүлде, соның ішінде 8 алтын медаль салды. Осы тарихи жеңістеріңізді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына жасалған тамаша тарту деп санаймын», делінген құттықтауда.

Президент боксшы қыздарымыздың алдағы сайыстарда да биік тұғырдан көріне беретініне сенім артып, толағай табыс тіледі.