Өнер • 01 Маусым, 2021

Еуропа мен Азия музыкасы тоғысты

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясы камералық хорының Next generation атты XVIII маусымының жабылу концерті өтті.

Еуропа мен Азия музыкасы тоғысты

Кеш барысында Еуропа және Азия композиторларының шы­ғармалары орындалды. Атап айтсақ, Құрманғазының «Бал­бырауын», А.Бестібаевтың «Да­уыс», В.Мишкинис, Г.Хан, Б.Брит­тен секілді авторлардың шығармалары, түрік, әзербайжан және басқа әлем халықтарының халық әндері шырқалды.

Ұжымның көркемдік же­текшісі және бас дирижері – Қа­зақ­станның еңбек сіңірген қай­рат­кері, профессор Гүл­ми­ра Құт­тыбадамова. Әрқа­шан тың идеямен, өзгеше жаңа­шыл­дық­пен ерекшеленетін ұжым осы бағдарламада да өз өнерлерін сәтті алып шықты.