Медицина • 01 Маусым, 2021

Сарыағаш қаласында перинаталды орталық салынады

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сарыағаш қаласында перинаталды орталық салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сарыағаш қаласында перинаталды орталық салынады

«Облыс үшін маңызды нысан – Сарыағаш қаласындағы орталық аудандық аурухана жанынан 240 төсек-орынға арналған перинаталды орталық құрылысы. Жыл сайын Сарыағаш ауданында облыс бойынша туудың ең жоғары көрсеткіші тіркеледі. 2020 жылғы көрсеткіш 1 мың тұрғынға 31,9-ды құрады. Сарыағаш ауданында перинаталды орталық ашу Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарының жүкті әйелдеріне білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді», деді Алексей Цой.

Оның атап өтуінше, аталған аудандарда 723 926 адам тұрады. Бұл - облыс тұрғындары жалпы санының 35 пайызы.

«Сонымен қатар Арыс және Сарыағаш қалаларында бір ауысымда 500 келушіге арналған 2 үлгілік емхана салу жоспарланып отыр», деді министр.