Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 31 мамырда Атырау қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртенген.
«Департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 12:56-да 4-қабатта орналасқан пәтерден түтін шыққаны туралы хабар түсті. Шақырту орнына жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерде иелері болмағанын анықтады. Пәтер есігі кілтеулі тұрған. Сол себептен, өрт сөндірушілер үш иінді саты арқылы 4-қабатқа көтеріліп, терезден кірді. Жатын бөлмесі мен кіреберісі жанып кетті», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 10 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды. Жалын сағат 13:27-де оқшауланып, 5 минутта толық сөндірілді.