Спорт • 01 Маусым, 2021

Түркістан облысына бірнеше елдің білекті жігіттері жиналды

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының Шардара қаласында қол күресінен халықаралық сайыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Түркістан облысына бірнеше елдің білекті жігіттері жиналды

Оған Ресей, Грузия, Латвия, Украина және Өзбекстан елдерінің білекті жігіттері жиналды.

5 салмақ дәрежесінде күш сынасқан мықтылар арасында қазақ жігіттері алдына жан салмады. Әлемдік сайысқа қатысушыларға сый-құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар табыс етілді.