Әлем • 01 Маусым, 2021

Коронавирус: Израиль қалыпты өмірге оралды

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші маусымнан бастап Израильде коронавирусқа қатысты қабылданған барлық шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус: Израиль қалыпты өмірге оралды

Билік өкілдерінің пікірінше, жаппай вакциналау арқасында елде ұжымдық иммунитет қалыптасты. Әлем бойынша ауруды жұқтырудың ең төмен көрсеткіші Израильде. Израиль толығымен қалыпты тіршілігіне оралды. Мейрамханаға кіру үшін «жасыл төлқұжат» қажет емес.

Дене қызуын да өлшемейді, әлеуметтік арақашықтың сақталуын да талап етпейді. Тек жабық бөлмелерде медициналық маска тағу керек. Бұл бұрынғыша маңызды шарт.

«Жағдайымыз керемет. Күніне он-он бес науқасты анықтап жүрміз. Осыдан екі ай бұрын мұны армандаған да жоқпыз. Мұның барлығы індетті жеңдік деуге негіз болып тұр», дейді коронавируспен күрес бойынша штаб басшысы Томер Лотан.

Қазір елде коронавирус індетіне шалдыққан 300-дей ғана науқас бар. Ауруы асқынғандардың саны елуге жетпейді. Коронавирусты емдейтін бөлімдер жабылды. Мейманханаларда вакциналау туралы сертификатты сұрамайтын болды. Билік тіпті 12 мен 16 жас аралығындағы жасөспірімдерге екпе жасау жоспарынан бас тартты.