Аймақтар • 02 Маусым, 2021

Қарағандыда әйелдер тегін аттракцион үшін төбелес шығарды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласының әкімдігі 1 маусым күні сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін 14 жасқа дейінгі балалар төрт аттракционда тегін сырғанай алатынын хабарлаған еді. Алайда балалардың қуанышы көпке созылған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағандыда әйелдер тегін аттракцион үшін төбелес шығарды

Бұл күні саябаққа келушілердің қарасы көп болып, соңы жанжалға ұласты. Өкінішке қарай, тұрғындар Балаларды қорғау күні демалыс саябағындағы тегін аттракционның жанында төбелес шығарды. Әйелдер кімнің баласы карусельде айналатынын «шешіп» жатқан сәті видоға түсіріліп, желіде қызу талқыланып жатыр.

Келеңсіздіктен кейін әкімдік өкілдері болған жағдайға түсініктеме берді.

«Орталық саябақта тұрғындардың карантиндік нормаларды сақтамауына байланысты «Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы» КМҚК басшылығы аумақта орналасқан аттракциондар мен бизнес нысандарының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады», делінген хабарламада.

Әкімдік сонымен қатар қала тұрғындарын бұл шараға түсіністікпен қарауға шақырды.