Президент • 02 Маусым, 2021

Президент Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманды қабылдады

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Қазақстан мен Exxon Mobil корпорациясы арасындағы ықпалдастықтың перспективалары, көмірсутегі саласындағы бірқатар жобалардың жүзеге асырылуы, «жасыл» технологияларды енгізу, сондай-ақ, әлемдік энергетика нарығындағы қазіргі ахуал талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманды қабылдады

Мемлекет басшысына Қашағанды игеру қарқыны мен Теңіз кен орнын кеңейту бағытындағы жұмыстар баяндалды.

Президент корпорацияның елімізбен серіктeстік орнатқан 28 жыл ішінде Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Нил Чапман Exxon Mobil үшін Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықтың маңызды екенін атап өтіп, өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар америкалық кәсіпкер мұнайдың әлемдік нарығын одан әрі дамыту жөніндегі ой-пікірін ортаға салып, аталған саладағы өзекті мәселелер туралы айтты.