Аймақтар • 02 Маусым, 2021

Елордада отбасылық марафон басталды

1249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында «Денсаулық — зор байлық» отбасылық марафоны басталды. Марафон қорытындысында 20 жеңімпаз отбасының әрқайсысына 50 000 теңгеден спорт тауарларын сатып алуға сертификат табысталады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада отбасылық марафон басталды

Марафон шарттары:

• Картада жүгіру бағытын көрсететін Strava қосымшасына тіркеліп, төменде көрсетілген нөмерге өтініш беру қажет.

• Отбасылық жүгіру қашықтығы күніне кемінде 1 км болуы керек.

• Жүгіруге ерлі-зайыптылардың екеуі де 21 күн бойы қатысады (ерлі-зайыптылардың нәтижесі ғана есептеледі).

• Күн сайын: фотоесеп (1 фотосурет); жүріп өткен қашықтық пен жаттығу бағытын көрсететін қосымшадан сілтеме;

• @elorda.otbasy және @ns_jastary аккаунттарын белгілей отырып, Instagram желісінде сторис салу (15 секунд - 1 минут).

Өтінім беру үшін мына құжаттар тапсырылады:

• некені тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

• Байланыс ақпараты (телефон нөмірлері, тұратын мекен-жайы, әлеуметтік желілердегі аккаунттары).

Құжаттар 1-15 маусым аралығында қабылданады.

Мәліметтерді +7 708 510 0052 WhatsApp нөміріне жіберу керек.