Жергілікті парламенттегі 120 депутаттың сексен жетісі Ицхак Герцог үшін дауыс берген.
60 жастағы саясаткер диаспорамен байланыс жөніндегі Еврей агенттігіне басшылық етеді. Оның әкесі Хаим Герцог та 1983-1993 жылдар аралығында Израиль президенті болған.
Қазіргі мемлекет басшысының өкілеттігі 9 шілдеде аяқталуы тиіс. Айта кеткен жөн, Израиль парламенттік мемлекет саналады. Билік премьер-министрдің қолында. Ал президент тек белгілі бір рәсімдерді ғана атқарады.