Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел-іздестіру шаралары барысында Қостанай қаласы аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.
Астыртын казиноның қала жертөлелерінің бірінде қызмет еткені анықталды. Тергеу мүдделеріне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.
Азаматтар арасында құмар ойынға тәуелділіктің пайда болу себептерімен күресу мақсатында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ойын бизнесінің заңсыз түрлерін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.