Қазақстан • 03 Маусым, 2021

Шетелдіктер анықтамасыз өте алмайды

257 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Павлодар облысы аумағындағы Ресей Федерациясының өңірлерімен шектесетін мемлекеттік шекараның «Қосақ», «Үрлітөбе», «Сұлуағаш», «Шарбақты» өткізу бекеттерінде індет таралмауы үшін қатаң бақылау жүргізілуде. Індет басталғалы Ресей, Қырғызстан елдерінен облысқа 111 799 адам келген. Шекара бекеттерінде күнделікті ПТР тест өткізілуде.

Шетелдіктер анықтамасыз өте алмайды

Жалпы, 1 446 шетелдіктің ПТР анықтамасыз өтуіне жол берілген жоқ. Бұл жайында об­лыс­тық санитарлық-эпи­де­миялық бақылау департа­мен­тінің мәліметінде айтылды. Мысалы, 31 мамырда өңірге Ресей аумағынан 520 адам келсе, оның 364-і жаяу және 156 фура жүргізушілері тіркелген. ПТР тексеру барысында індет белгілері бар 202 адам анықталған.

– Бекеттен тікелей каран­тин­дік стационарға 9 жолаушы жібе­ріл­ді, делінген хабарламада. – Сонымен бірге көршілес елдердің 11 азаматына ПТР-тест тап­сырғаны туралы анықтамасы берілмегені үшін облысқа өтуге тыйым салынды.

Еліміздегі эпидемиялық жағ­дай­ды бағалау матрицасына сәйкес, Павлодар облысы 17 мамырдан бастап «сары аймақта».

– Облыста індет жұқтыру­шы­лардың саны азаюда. 10-16 мамыр аралығында 698 жағ­дай анықталса, қазір бұл көр­сет­кіш төмендеді. 31 мамыр күні 65 індет жұқтыру жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0,4 па­йызды құрайды. Осы уақытқа дейін облыста 22 900 адамнан індет жұқтыру анықталса, 21 092 тұрғын жазылып шықты, – дейді департамент басшысы Батырбек Әлиев.

Індет жұқтырушылардың азаю­ына шекара бекеттеріндегі тәр­тіп пен бақылаудың тұрақты жүр­гі­зілуі де әсер етті. Шектеулер ен­гізілген сәттен бастап бүгінге дейін бекеттерден өткізу тәртібі қатаң бақылауға алынған. Қазір бас санитар дәрігердің қаулысына сай, демалыс күндері келушілерге сауда үйлері, спа-орталықтар, бассейндер, жабық базарлар ашық, ал сенбі күндері сауналарға баруға рұқсат етілді, моншалардың да жұ­мыс уақытынан шектеулер алын­ды.

Ауданаралық жолаушылар авто­бусы мен шағын автобустар да шектеулерден кейін тасымал жұ­мысын бастады.

Еліміздің мемлекеттік шекара­сын­дағы «Қосақ», «Үрлітөбе», «Сұлуағаш», «Шарбақ­ты» өткізу бекеттерінде қазір де халықаралық тасымал мен жолаушылар ағыны қозғалысына тұрақты мониторинг жүргізу жалғасуда.