Бағдарламалар • 03 Маусым, 2021

Ауыл мен қала арасындағы айырмашылықты қысқартады

455 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ауыл тұрғындары үшін цифрлы қызметтер әлеміне енудің тағы бір құралы пайда болды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Қазақтелеком» АҚ-пен бірге мемлекет-жекеменшік әріптестігі шеңберінде ауылды елді мекендерде eQoldau жалпыға қолжетімді пункттерінің желісін құрды. Оның көмегімен тұрғындар элек-тронды сервистердің кең спектрін ала алады. Ақмола облысы Андреевка ауылының әкімдігінде ашық қолжетімділіктің бірінші пункті орнатылды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек пункт қызметімен танысып та үлгерді.

Ауыл мен қала арасындағы айырмашылықты қысқартады

Айта кетейік, өзіне өзі қыз­мет көрсету терминалдары бү­кіл ел бойынша 553 ауылдық әкім­дікте орна­тылады. Осы пункттер арқы­лы тұрғындар мемлекеттік қыз­мет­терді жеңіл әрі тез алады, маркетплейстерде техника мен түрлі тауарларды, сондай-ақ темір жол және авиабилеттерді сатып алады, коммуналдық қызметтер үшін онлайн-төлемдер, аударым­дар жасайды, дәрігердің қабыл­да­уына жазылады және телемедицина сервистеріне қол жет­кі­зе­ді, пошта қызметтеріне және курьерлік жеткізілімдерге тапсырыс беруіне де мүмкіндік бар. Сонымен қатар eQoldau Wi-Fi сигналын бере алады, оған қо­сылу арқылы ауыл тұр­ғын­дары интернетті өздерінің гад­жет­те­рін­де қолдана алады.

«ҚҚО-ны қала мен ауыл ара­сын­­дағы цифрлы теңсіздікті жою­­дың тағы бір қадамы деп са­науға болады. Осылайша, біз әдеттегідей ауылды қалаға емес, қаланы ауылға жақындатамыз. Ауыл халқы қалада алатын бар­лық қызмет түрін ала алады. Осы жерден аудандық халыққа қызмет көрсету орта­лық­тарына барудың қажеті жоқ. Өткен жылы осындай ауылдық пункт­тер еліміз бойынша 1 250 тал­шық­ты-оптикалық байланыс же­лісі орнатылды. Андреевка ауылы біз осындай құрылғыны орнатқан алғашқы ауыл болады. Менің ойымша, барлық ауылдық елді мекенге осы сервиспен орнатамыз», деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек.

Сондай-ақ eQoldau ашық қол­жетімділік пункттері арқылы ауыл тұрғындары электронды цифрлы қолтаңбаларын алды. Яғни енді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация­­­сы Egov.kz порталын, Enpf.kz бірыңғай зейнетақы қорының сайтының барлық мүм­кіндігін пайдалана алады. Жалпы, жаңа бөлімдер мен қызметтерді қосу арқылы серіктестік экожүйесін дамыту жоспарлануда.

«Бүгінгі таңда self-service на­ры­­ғында бар шешімдер көбі­несе монофункционалды саналады және белгілі бір ұқсас мін­деттерді орындауға бағыт­тал­ған. Біз ұсынатын өзіне өзі қызмет көрсету аймақтары – eQoldau ауылдық елді мекендерге цифрландырудың кіру нүктелері деп атауға болады, бұл ауыл тұрғынына бір жерде бір­ден бірнеше мәселені шешуге, түрлі қызметтер мен сервистерді алуға мүмкіндік беретін кешенді сервис. Яғни халық үшін eQoldau терминалы – цифрлы қыз­меттер әлеміне апаратын өзіндік сара жол секілді», деді «Қа­зақ­те­ле­ком» АҚ стратегиялық бас­қа­ру жөніндегі бас директоры Батыр Маханбетәжиев.

Шынында да, ауылдарға цифр­­­ландырудың кіру нүктесі қа­­­ғи­даты бойынша eQoldau ашық қол жеткізу пункттерінің желі­сін құру ауылдық елді мекендерге талшықты-оптикалық байланыс желілерін орнату жөніндегі ірі жобаны іске асыр­ғаннан кейін мүмкін болды. Бұдан басқа, Андреевка ауылында Цифрлық даму, инно­ва­циялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі ми­нистр­лі­гі мен «Қазақ­те­леком» арасында ауыл әкім­дік­терін қоғамдық қол жеткізу пункт­терімен жабдықтау бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.