Қоғам • 03 Маусым, 2021

Түркістаннан Ташкентке тікелей әуе рейсі ашылады

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістаннан Ташкентке жаңа халықаралық әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістаннан Ташкентке тікелей әуе рейсі ашылады

Тұрақты рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері Airbus А 320 ұшақтарымен орындалады. Билет құны 9 999 теңгеден басталады.

Қазақстандық лоукостердің баспасөз қызметіндегілер Өзбекстан астанасына Нұр-Сұлтан мен Алматыдан да баруға болатынын атап өтті.

Билеттерді брондау басталды. Алғашқы рейс 21 маусымда орындалады.