Әдебиет • 03 Маусым, 2021

Аида Балаева жазушы Қастек Баянбайдың туыстарына көңіл айтты

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Аида Балаева жазушы Қастек Баянбайдың туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аида Балаева жазушы Қастек Баянбайдың туыстарына көңіл айтты

«Балалар әдебиетінің жазушысы, ұлттық журналистиканың ардагері, белгілі ақын – Қастек Баянбай ағамыздың өмірден озуына байланысты, марқұмның отбасы мен жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

«Бар әдебиеттің бастауы - балалар әдебиеті» деген Қастек ағамыз өзінің бүкіл саналы ғұмырын балалар әдебиеті жолына арнап, жалынды өлеңдер мен әңгімелер жазды, мазмұнды аудармалар жасады, қазақ журналистикасын дамытуға аянбай еңбек етті.

Ағамыздың мол әдеби мұрасы – тозбас рухани қазына болып, зиялы болмысы – қалың оқырман қауымның мәңгілік есінде сақталады. Марқұмның жатқан жерi жарық, топырағы торқа болып, нұры пейіште шалқысын!», деп жазды министр Аида Балаева.