Тексеру кезінде 21 түп шөпке сот-сараптамасы тағайындалып, оның қорытындысы полицейлер күдігін растай түсті.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.