Қоғам • 03 Маусым, 2021

Елімізде 7 жаңа мұнай-газ-химия зауыты салынады

530 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021-2025 жылдары мұнай-газ-химия саласына маманданған 7 зауыт салынуы мүмкін. Жобалардың жалпы құны - 12,7 млрд доллар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде 7 жаңа мұнай-газ-химия зауыты салынады

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Мәжілісте өткен отырыста Мұнай-газ-химия саласын дамытудың бес жылдық ұлттық жобасы қандай нәтиже беретінін мәлімдеді.

«Үкіметпен мұнай-газ секторын шикізаттық бағыттан терең өңделген, қосылған құны жоғары өнім шығаруға бағдарлау бойынша жұмыс жүргізілуде. Қойылған міндеттерді іске асыру арқылы мұнай-газ химиясы өнімдері өндірісінің көлемін 2025 жылға қарай 2 млн тоннаға жеткізу көзделген», деді Нұрлан Ноғаев.

Ведомство басшысының мәліметінше, мұнай-газ химиясы өнімдерінің экспортын 2025 жылға қарай 8 есеге ұлғайтып, 1,336 млрд доллар табс әкелу көзделген.

«Бұл барлық кірістің 80%-ын құрайды. 2025 жылға дейін жалпы құны 4,7 млрд доллар болатын 5 зауыттың құрылысын аяқтап, жалпы құны 12,7 млрд доллар болатын 7 зауыттың құрылысын бастау көзделуде», деді министр.