Қазір екеуін табуға құтқарушылар жұмылдырылған. Соңғы мәлімет бойынша қол сөмкелері табылған еді. Бірақ ол туристерге тиесілі ме, жоқ па қазір анықталуда. Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының айтуынша, олар аман-есен болуы да мүмкін.
Еске сала кетейік, Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалғаны туралы хабарлама 25 мамыр сағат 18:30-да келіп түскен. 21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек еді.
Бұған дейін үш студент құтқарылып, екеуінің денесі табылған болатын.