Концерттік шара қалада жаңа кинотеатрдың ашылуына орай ұйымдастырылып, оған 400-450 адам жиналған.
Карантин талаптарын бұзушыларды облыс орталығының тәртіп сақшылары анықтады. Іс-шараны ұйымдастырушы ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейік, 2021 жылдың 18 мамырында Түркістан облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің бұқаралық шаралардың өткізілуіне тыйым салатын қаулысы шыққан.