Спорт • 03 Маусым, 2021

Әйелдер күресінен ел намысын кімдер қорғайды?

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польшада 8-13 маусым аралығында әйелдер күресінен «Poland Open» деп аталатын халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әйелдер күресінен ел намысын кімдер қорғайды?

Айтулы жарыста Қазақстан құрама командасы сапында Валентина Исламова (50 кило), Айша Уалишан (55 кило), Диана Қаюмова (59 кило), Айна Теміртасова (65 кило), Жамиля Бақбергенова (72 кило) және Елмира Сыздықова (76 кило) сынды балуандар қорғайды.

Күрестің бұл түрінен жерлестеріміз Олимпия ойындарының үш лицензиясына иелік еткені белгілі. Ол жолдамалардың иегерлері - Валентина Исламова (50 кило), Татьяна Ахметова-Аманжол (53 кило) және Елмира Сыздықова (76 кило). Польшадағы турнир Токио Олимпиадасына даярлық ретінде қарастырылуда.