Аймақтар • 04 Маусым, 2021

Қызылордада биыл 15 адам суға батып кетті

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында жыл басынан бері 15 адам суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылордада биыл 15 адам суға батып кетті

Айта кетейік, жыл басынан бері су айдындарында 15 адам қаза болған. Олардың арасында 9-ы кәмелет жасқа толмағандар. Былтыр дәл осы кезеңде 12 адам көз жұмса, олардың 4-і бала болатын. Ал былтыр жыл бойына жергілікті тұрғындар 39 жақын адамынан айырылды (олардың 11-і бала).

«Биыл аталған жағдайда қаза болған азаматтардың 3 (2-і кәмелетке толмаған) суға шомылу уақытында (2-і кәмелетке толмаған) қаза тапты. Ал 2-і балық аулау кезінде, 1-і қайықтан құлады, 9-ы жазатайым оқиға (оның ішінде 7-і кәмелетке толмаған) салдарынан өмірден өтті», деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Медет Усаин.

Оның айтуынша, негізгі себептері ретінде балық аулау кезіндегі абайсыздық, су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтамау және балаларды ата-аналарының қарауынсыз қалдыру секілді жағдайларды атап өтуге болады.

«Қауіпсіздік шарасына мән бермейтіндер азаймай отыр. Өкінішке қарай, оның соңы қайғылы жағдаймен де аяқталып жатады. Суға кету фактілері, негізінен, мас күйінде шомылу, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдыру және қауіпті немесе тыйым салынған аумақта суға шомылудың салдарынан болады. Сондықтан абай болыңыздар. Балаларды көзден таса жібермеңіздер», деді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35