«Құрметті достар! Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!
Бұл – елдік пен егемендікті дәріптейтін, ұлттың рухын асқақтатып, отаншылдық сезімін арттыратын айрықша мереке.
Біздің Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз Тәуелсіздігіміздің негізгі нышаны, мемлекеттілігіміздің басты белгісі. Былтыр Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Мемлекеттік туды кеңінен қолдануға қатысты азаматтардың ұсынысына қолдау білдіргені белгілі. Соның нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданып, көк байрағымызды пайдалану аясы кеңейтілді. Мұның өзі тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы қадамдардың бірі екені сөзсіз.
Ұлтты ортақ мүддеге ұйыстыратын мереке құтты да ұзағынан болсын. Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін!», деп жазды Мәулен Әшімбаев.
ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Бұл туралы Сенат спикері фейсбуктегі парақшасында жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:25
Астана даңғылдарының бірі 2 аптаға жартылай жабылды
Елорда • Бүгін, 15:47
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Ақтау маңында ірі жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 14:42
Алаш қозғалысы: 12 том құжаттар мен материалдар жинағы толық жарық көрді
Руханият • Бүгін, 14:03
Шайды қай кезде ішкенде зияны болмайды
Денсаулық • Бүгін, 13:32