Әлем • 04 Маусым, 2021

Беларусь ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасын тіркеді

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусьте коронавирустық инфекцияға қарсы ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасы тіркелді. Бұл туралы Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Беларусь ресейлік «Спутник Лайт» вакцинасын тіркеді

Тіркеу бір жыл бойы жарамды болады. Препаратты Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы әзірледі.

Айта кетейік, «Спутник Лайттың» екі компонентті Спутник V вакцинасынан ең басты айырмашылығы, оның құрамы 26-типті аденовирус негізінде жасалған бір ғана компоненттен тұратындығында.