Қазақстан • 04 Маусым, 2021

Түркия, Өзбекстан және Беларусьпен арадағы халықаралық рейстер саны артады

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 маусымнан бастап Түркияға рейстер саны көбейеді. Қазақстандықтар енді Антальяға аптасына 8 рет ұша алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия, Өзбекстан және Беларусьпен арадағы халықаралық рейстер саны артады

Сондай-ақ Өзбекстанмен арада Алматы – Наманган, Ақтау – Нүкіс, Ақтөбе – Нүкіс, Ақтөбе – Самарқанд бағыттарында аптасына 2 тұрақты рейстен ашылады.

Бұдан басқа Алматы – Минск бағыты бойынша Беларусьпен тұрақты рейстер саны ұлғайтылып, әр тараптан аптасына 2 рейстен орындалады. Бұл шешімді Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады.

Аталған бағыттарға «Эйр Астана», SCAT, Turkish Airlines, «Узбекские авиалинии» және «Белавиа» әуе компаниялары ұшады деп жоспарланып отыр.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және шет мемлекеттің тиісті билік орындарымен келісім бойынша орындалады.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін – Ұлттық ұлан күні

Әскер • Бүгін, 10:43

Жасанды интеллект құрылысқа жат емес

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:55

Әскер беделі – ел беделі

Әскер • Бүгін, 09:45

Қайырымды азаматтардың демеуі

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Егінді «AgroSky» бақылайды

Технология • Бүгін, 09:35

Сингулярлық кезең

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

ЖИ-ді қолдану қауіпсіз бе?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:20

«Шыны мақтадан» табыс тапқан

Өндіріс • Бүгін, 09:15