Оқиға • 04 Маусым, 2021

Мемлекеттік рәміздер күніне жастар ұйымдары Патриоттық акция өткізді

731 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық жастар ұйымдары Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Патриоттық акция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік рәміздер күніне жастар ұйымдары Патриоттық акция өткізді

Аталған акция  ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылғы мерейтойына орай өткізілді. Сондай-ақ, осы мерейтой аясында маусым патриотизм айы болып белгіленді.

Акция барысында қазақстандық жастардың жасампаздық және рухани-адамгершілік дамуына бағытталған жастардың Патриоттық актісі жарияланып, қабылданды.
Белсенділер Тәуелсіздіктің ұрпағы және құрдасы бола отырып, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін терең құрметтеуге және Отанымыздың өркендеуіне септігін тигізу мақсатында аға буынның жасампаз бастамаларын жалғастыруға шақырды.

Іс-шараға республикалық жастар ұйымдарының: Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы, «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» Жастар қанаты, «Қазақстан жастары Конгресі», Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы, «Жас ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымы, Қазақстан Студенттер альянсы, Қазақстан КВН Одағының басшылары мен өкілдері қатысты.

Іс-шара әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілді.

Жастар ұйымдарының аймақтық филиалдары мен жастар ресурстық орталықтары да акцияны қолдады және оны арнайы #Менің рәміздерім; #Менің Туым; #Менің Қазақстаным; #Рәміздер күні хэштегтер арқылы насихаттады:

Мемлекеттік рәміздер күніне орай түрлі форматтағы 400-ге жуық іс-шара: патриоттық акциялар, спорттық жарыстар мен турнирлер, кітап көрмелері, челлендждер, сурет байқаулары, тақырыптық кездесулер, оның ішінде 170-тен астамы онлайн-форматта өтті.