Елорда • 04 Маусым, 2021

Елордадағы «Атырау» көпірі жабылады

1005 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірі жөндеу жұмыстарына жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордадағы «Атырау» көпірі жабылады

«7 маусым мен 4 шілде аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірі жартылай жабылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген Есіл ауданы әкімдігінің Instagram-парақшасында.

Көпірді елорданың 20 жылдық мерейтойына орай Атырау облысы салып, сыйға тартқан болатын. Көпірге жоғарыдан қарағанда, оның пішіні Атырау облысының символы саналатын балыққа ұқсайды. Оның жалпы ұзындығы – 313,5 метр, ені –10,5 метр.

Көпірде жаяу жүргіншілерге арналған алты метрлік жолақ, велосипедшілерге арналған үш метрлік жолақ, сондай-ақ ені 0,5 метр болатын қауіпсіздік жолағы және 0,5 метрлік шарбақты қоршауға арналған екі жолақ бар.

Көпір жабындысы үшін литакрил пайдаланылған. Бұл нысан ауа райы жағдайы ескеріле отырып салынған. Оны жобалағанда желдің әсері де есепке алынған. Салмағы – 1920 тонна.