Оқиға • 04 Маусым, 2021

«Тәуелсіздік тұлғалары» патриоттық форумының жеңімпаздары марапатталды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда «Тәуелсіздік тұлғалары» атты облыстық патриоттар форумының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тәуелсіздік тұлғалары» патриоттық форумының жеңімпаздары марапатталды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне орай өткен мерекелік шарада білім, ғылым, медицина, спорт, мәдениет және өнер саласында елеулі табысқа жетіп, ел тәуелсіздігінің нығаюына тамшыдай болса да үлес қосып жүрген майталман мамандар марапатталды. Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған салтанатты рәсімге облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімовақатысып, 10 аталым бойынша жеңіске жеткен 15 адамға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Форум жеңімпаздары:

«Спорт саласындағы жетістіктері үшін» - Петр Костенко (Қостанай қаласы), Алексей Лукутин (Лисаков қаласы);  

«Мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін» - Руслан Бушинский (Қостанай қаласы);

«Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері үшін» - Қайрат Бегенов (Қостанай қаласы);

«Білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін» - Қанат Есенғұлов (Қостанай қаласы), Алтын Молдашева (Рудный қаласы);

«Ерлік көрсеткені үшін» - Ержан Хасенов (Қостанай қаласы). «Еңбектегі жетістігі үшін» -Күлай Мұхмеджанова (Қостанай қаласы), Владимир Бондаренко (Денисов ауданы);  

«Тарихи-мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесі үшін» - Батырлан Сағынтаев (Арқалық), Айжан Ерғазиева (Бейімбет Майлин ауданы);

«Жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді үлес қосқаны үшін» - Амангелді Ахметжанов (Арқалық қаласы); 

«Туған жерге көмек көрсеткені үшін» - Гүлсара Жаманқұлова (Жітіқара ауданы);

«Волонтерлік қызметі үшін» - Алдиар Хасенов (Жітіқара ауданы).