Өнер • 06 Маусым, 2021

«Жұлдызбен бір сахнада» жобасының алғашқы концерті өтті

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық көрермендер «Жұлдызбен бір сахнада» жобасы аясында «FORTE-TRIO» мемлекеттік триосының концертін тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жұлдызбен бір сахнада» жобасының алғашқы концерті өтті

Қазақконцерттің 60-шы мерейтойлық маусымында өткен «Редеет облаков летучая гряда» атты концерт Елордадағы «Qazaqstan» орталық концерт залының үлкен сахнасында өтті.

Концерттік бағдарламаға орыс музыкалық романтизмі дәуіріндегі вокалдық миниатюралар қосылды. Сондай-ақ бұл кеште М.Балакирев, М.Мусоргский, А.Бородин, Н.Римский-Корсаков, Ц.Кюи сынды атақты композиторлардың үздік туындылары шырқалды.

Аталған  шығармалардың поэтикалық негізін ХІХ ғасырдың І жартысында қалам тартқан  орыс ақындарының өлеңдері құрады. Романстармен жұмыс жасай отырып, композиторлар мән-мағынаға, поэтикалық мәтінді таңдауға, оны жүзеге асырудың экспрессивті құралдарына үлкен талаптар қойды.

«Жұлдызбен бір сахнада» жобасының арқасында көрермендер әртістерге жақын бола түсіп, ерекше шығармашылық процесстің қыр-сырын тереңірек сезіне алды. Орындаушы мен тыңдаушы арасындағы дәл осындай байланыс жаңа концерттер мен туындылардың пайда болуына шабыт беріп, мәдени байланысты арттыра түседі.

Бүгінгі кеш – жаңа жобамыздың алғашқы концерті. Алдағы уақытта бұл жоба тұрақты түрде өткізіледі. «Қазақстан» орталық концерт залының бас сахнасы толыққанды камералық залдың функциясын атқарды. Залдың тамаша акустикасы осындай жаңа тәжірибелерге жақсы мүмкіндік беріп отыр», деді Қазақконцерттің көркемдік жетекшісі Тимур Урманчеев.

Концерттің жаңа форматымен ерекше үйлесім тапқан «FORTE-TRIO» әртістерінің кәсіби шеберлігі көрерменнің жоғары бағасын алды.

«FORTE-TRIO» мемлекеттік триосымен бірге сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова (сопрано) мен Азамат Жылтыркөзов (баритон) өнер көрсетті.

Әртістер орысша романстардың жарқын үлгілерін орындады

 концертконцерт