«Қатты желдің салдарынан Абай ауданында бір коммерциялық нысанның, әл-Фараби ауданында бір бес қабатты үйдің, Еңбекші ауданында төрт бес қабатты үйдің, Қаратау ауданында бір бес қабатты үйдің шатыры ұшып түсті», деп хабарлайды Шымкент ТЖД өкілдері.
Сондай-ақ ағаштардың құлауынан және үйлердің шатырының бұзылуынан сегіз автомобиль зардап шеккені белгілі болды.
Желдің екпіні сағат 18.25-тен 18.36 аралығында секундына 15-тен 28 метрге дейін жеткен.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖД мәліметінше, қазір жағдай тұрақты.