Аймақтар • 07 Маусым, 2021

Қостанай облысында 2 адамды қасқыр талады

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында ауыл ішіне қасқыр кіріп, екі адамды талаған. Оқыс оқиға Меңдіқара ауданына қарасты Ұзынағаш елді мекенінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz «Qazaqstan» ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.

Қостанай облысында 2 адамды қасқыр талады

Алдымен түз тағысы 19 жастағы жігітке шабуыл жасаған. Одан кейін сиыр саууға шыққан әйелге тап беріпті. Екеуінің де қол-аяғын тістелеп тастаған. Көмекке келген жергілікті тұрғындар қасқырды атып өлтірді. Сол күні ауыл ішінде одан басқа тағы бір түз тағысын көргендер бар.

«Қасқырды атып алдық. Бірақ енді неше қасқыр деп айту қиын. Мүмкін бір қасқыр болуы мүмкін. Тістелінген 50 жасар келіншек пен 19 жасар студент жігіттің жағдайлары жақсы. Ауданға первязка жасатып, апарып, укалдарын алып, үйлерінде бақылауда», деді Қарақоға ауылдық округінің әкімі Тілеуқабыл Дүйсенов.