Оқиға • 07 Маусым, 2021

«Дәрмек» операциясы: 40 медицина қызметкері жауапқа тартылды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел аумағында жүргізілген «Дәрмек» операциясы барысында 40 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дәрмек» операциясы: 40 медицина қызметкері жауапқа тартылды

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді. 5 күн ішінде 877 нысан, оның ішінде дәріханалар мен қоймалар, емдеу-алдын алу мекемелері және өнеркәсіптік кәсіпорындар тексерілді.

Ведомство өкілінің дерегінше, есепке алынған препараттарды рецептісіз босатудың 56 фактісі анықталып, 12 тонна прекурсордың айналымы шектелді. Операция барысында 21 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

«Сақтау талаптары бұзылған немесе құрамында есірткі бар сатылымдағы барлық препараттар айналымнан алынды. Атап айтқанда, 2 мыңнан астам есірткі құралдары ампуласы, 1600-ден астам таблетка және 1800 психотроптық заттар ампуласы тәркіленді. Барлық анықталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз.