Аймақтар • 07 Маусым, 2021

Шарын шатқалындағы селден зардап шеккен екі адам емделіп шықты

160 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шарын шатқалында жүрген селден зардап шеккен екі адам Алматы қаласының №4 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шарын шатқалындағы селден зардап шеккен екі адам емделіп шықты

Жедел жәрдем бригадасымен 23 жастағы Мадина 29 мамырда әкелінген.

«Мен сол экскурсияда жол бастаушы болдым. Шарын шатқалындағы сел көшкіні кезінде 4 оқушымен бірге сел тасқынына түсіп, сол кезде жарақат алдым. Алғашқы кезде жарақат сезінбеді, маған балаларды автобусқа жинап, қалғандарын табуға көмектесіп, ата-аналармен кездесу қажет болды. Әке-шешелері балаларды таратып алып кеткеннен кейін, артымнан әпкем келгенде, мен аяғымның ауыратынын және қатты басым айналып тұрғанын білдім.. Бір сәтте есімді жоғалтып, ауруханада ғана өзіме келдім», деді Мадина.

Туристік автобуспен қызды қалаға алып келіп, содан кейін жедел медициналық жәрдем көлігімен туыстарымен бірге №4 қалалық клиниканың жарақат пунктіне алып келді.

«Науқас бірден реанимация бөліміне жеткізіліп, кешенді тексеруден өтілді, құрамында травматолог, терапевт, анестезиолог бар дәрігерлердің мультидисциплинарлық бригадасы қарады. Бейінді бөлімшеде толық ем-шараларды алып шықты», деді №4 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.

Ұлжан да №199 мектеп-гимназиясы педагогтарының бірі. 29 мамырда ол Шарын шатқалына экскурсияға мектеп оқушыларымен бірге барған. Төтенше оқиғаның нәтижесінде мұғалім жабық бас сүйек-ми жарақатын, бас миының шайқалуын, дене, аяқ-қол жарақаттарын алады. Оқиға болған күні жедел жәрдем көлігімен Ұйғыр орталық аудандық ауруханасына жеткізіледі, ал 30 мамырда №4 Қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне өз бетінше жүгінген.

30 мамырда науқас бейінді бөлімшеге жатқызылып, толық медициналық көмек алды. Шарында зардап шеккендермен бірге психологтар жұмыс істеді, бүгінде олар тұрғылықты жері бойынша одан әрі амбулаториялық емделуге жіберілді», дейді №4 Қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков.