Қоғам • 08 Маусым, 2021

Ақпарат кеңістігінде – Independ.kz порталы

500 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда «Жастарға жол» қоғамдық қоры Independ.kz жаңа ақпараттық порталын таныстыру мақсатында баспасөз мәслихатын өткізді.

Ақпарат кеңістігінде – Independ.kz порталы

Қоғамды дамытуға үлес қосуды  мақсат еткен жаңа тәуелсіз ақпараттық порталды мемлекеттің қолдауынсыз «Жастарға жол» қоғамдық қоры әзірленген. Порталды іске қосу барысында негізгі басымдық экология, инновациялық «жасыл технологиялар», азаматтық құқықты, кәсіпкерлер құқығын қорғау, БҰҰ Бас Ассамблея­сында қабылданған қоғамның тұрақты даму мақсатындағы мәселелерге қатысты ақпараттық өнімдерге беріліп отыр.

Жастар командасынан құрылған ұжым аталған портал жұмысын жаңа бағытта, жаңа ұстанымдар негізінде  жүзеге асыратын болады. Агенттіктің бас редакторы Рафаэль Гасанов атап өткендей, тәуелсіз портал ақпараттардың барынша шынайылығын қамтамасыз етеді. Мем­лекет, қоғам және бизнес арасындағы әріп­тес­­тікке негізделген агенттік жұмысы ресми құжат­тарды, заңнамаларға енгізіл­ген толықты­рулар мен түзетулер, сонымен бірге мақсатты бағдарламаларды қоғам өкіл­деріне толыққанды жет­кізуге ықпал етуді көздейді. Қоғамның дамуы, азаматтардың, әсіресе жастардың әлеу­­мет­тік мәселелерін шешуге бағытталған маңызды мәселелерге де барынша көңіл бөлінеді.

БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілі Властимил Самек жастар бастамасымен ашылған портал жұ­мы­сының маңыздылығын атап өтсе, Пар­ламент Мә­жілісінің депутаты Елдос Абақанов агент­тіктің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дамытуға ықпал ететін­дігіне тоқталып, алдағы уақытта пор­тал жұ­мы­сына белсенді қатысуға уәде берді. Ал қоғам қайраткері Марианна Гурина қазақ­стандық бел­сенді жастар бастамасымен ашыл­ған ақпараттық агенттік қоғамдағы өзекті мәселе­лерді кәсіби әрі тиімді шешуге ықпал етеді деген сенім білдірді.

Ғаламтор бүгінде заманауи қоғам ақпарат­тарын жедел алуға ықпал етеді. Алайда мұнда жалған, тексерілмеген ақпараттардың таралуы – қо­ғамды алаңдатып отырған көкейкесті мәселе.  Осы орайда портал жұмысы шынайы ақпарат пен сөз еркіндігінің жаңа алаңына айналмақ.  

 

АЛМАТЫ