Аймақтар • 08 Маусым, 2021

Өскеменде Тәуелсіздік монументі орнатылады

792 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Өскеменнің 19 шағын ауданында 30 метрлік көп фигуралы «Тәуелсіздік монументі» орнатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде Тәуелсіздік монументі орнатылады

Қазыбек би даңғылының бас жағына орнатылатын композицияның биіктігі – 12,6, диаметрі 11,3 метр болатын алтыбұрышты ескерткіш болмақ. Төменгі бөлігінде Қазақстанның даму тарихы бедерленген рельеф орналасады.

Монументтің орталық бөлігіне Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің мүсіндері қойылмақ. Екі жағына «Жеті жарғыдан» үзінділер жазылады.

Монументтің басында Қазақ хандығының негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек менмұндалайды. Жоба бойынша, мүсіндер қоладан, ал монументтің қабырғалары ақ мәрмәрден жасалады.

Соңғы жаңалықтар