Аймақтар • 08 Маусым, 2021

Қостанайлық азаматтың көлігінен 80 килодан астам есірткі табылды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы Б.Майлин ауданынының 61 жастағы тұрғынынан аса ірі көлемде есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайлық азаматтың көлігінен 80 килодан астам есірткі табылды

Облыстық ПД-ның мәліметінше, полицейлер Қостанай қаласында өтіп жатқан «Қарасора-2021» жедел алдын алу шарасы аясында «Ваз-21099» көлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында артқы орындықтан өсімдік тәрізді зат салынған екі полиэтилен қапшық табылған. Тәртіп сақшылары күмәнді қапшықты тәркіленіп алып, сараптамаға жібереді.

«Химиялық-сот сараптамасына сәйкес, қапшықтың ішіндегі белгісіз заттардың марихуана екені анықталды. Екі қапшыққа салынған есірткінің жалпы салмағы 80 килоның үстінде», деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асылбек Әлмағамбетов. 

Қазір күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Басқарма басшысының айтуынша, облыста жыл басынан бері 95 кило марихуана және 449 грамм синтетикалық есірткі заттары заңсыз айналымнан алынған.

Соңғы жаңалықтар