Аймақтар • 08 Маусым, 2021

Емтиханда оқушылардың зардап шегуіне қатысты қызметтік тексеріс басталды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ұйымы елордада емтихан барысында ультракүлгін шамдардың қосулы қалғандығын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Емтиханда оқушылардың зардап шегуіне қатысты қызметтік тексеріс басталды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымы 2021 жылдың 7 маусымында Зияткерлік мектепте халықаралық бакалавриатқа емтихан тапсыру барысында бактерияға қарсы шамның қосулы күйде қалғанын растайды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қызметтік тексеру жүріп жатыр. Кінәлілердің барлығы жазаланады», делінген Назарбаев Зияткерлік мектептері ұйымы таратқан ақпаратта.

Білім беру ұйымының атап өтуінше, 8 маусым күні медициналық тексеруден өту үшін барлық бала емтиханнан босатылған. Балаларды емдеу және оңалтуға байланысты барлық шығынды автономды білім беру ұйымы өтейтін болады.

«Барлық Зияткерлік мектепте бактерияға қарсы шамдарды пайдалану бойынша қосымша нұсқаулық жүргізіледі», деп атап өтеді ұйымнан.

Айта кетейік, елордада оқушылар емтихан кезінде қосулы кварц астында отырғанын, 4 бала ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған едік.