Қоғам • 08 Маусым, 2021

Прокурор Біртановтың үйқамақ мерзімін тағы да ұзартуды сұрады

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік айыптаушы соттан денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін созуды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Прокурор Біртановтың үйқамақ мерзімін тағы да ұзартуды сұрады

«Тергеу департаменті басшысының Біртановқа қатысты үйде қамауда ұстау мерзімін 9 айға дейін, яғни 2021 жылдың 14 шілдесіне дейін ұзарту туралы өтініші қаралып жатыр. Қосымша сараптама аяқталды, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерінен сұхбат алынды, өзге де тергеу әрекеттері жүргізілді.

Өтініш орындалған жұмыстар актісі бойынша мемлекеттік аудит департаментінің қорытындысымен, сондай-ақ үйқамақ мерзімінің 14 маусымда аяқталуына байланысты. Үйқамақ мерзімін 14 шілдеге дейін ұзартуды және қанағаттандыруды сұраймын», деді сотта прокурор Төлеген Жараспаев

Мемлекеттік айыптаушы Біртановқа қатысты шектеу қоюды сұрады. Отбасы мүшелерінен басқа барлық адаммен телефон арқылы сөйлесуге тыйым салу, үйден шығуды шектеуді сұрады. Оның айтуынша, тергеу мерзімі 1 тамызға дейін ұзартылады.

«Бұрын алынып тасталған осы шектеулерді қазіргі жағдайларға байланысты белгілеу қажет. Күдікті Біртанов сотқа тыйым салынғанын біліп, бірқатар бұзушылыққа барған. Осыған байланысты қылмыстық қудалау органы бұрын алып тасталған шектеулерді белгілеу туралы қайта өтініш жасайды. Мұнда тек БАҚ қызметкерлері бар және кейбір тергеу әрекеті жария етілмейді. Тараптардың өтініші болғандықтан, бұл өтініште бәрі жазылған», деді прокурор.

Еске салайық, 21 сәуірде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа үйқамақ мерзімі ұзартылды, бірақ пәтерден белгілі бір уақытта кетуге рұқсат етілген болатын.