Қазақстан • 09 Маусым, 2021

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру­лар енгізу туралы заңы

138 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

1) мазмұны алып тасталсын;

2) 138-баптың 69) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«69) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып

алу,  квазимемлекеттік  сектордың  жекелеген  субъектілерінің

сатып алуы туралы заңнамасының сақталуына;»;

3) 263-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «мүлік» деген сөзден кейін «, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы» деген сөздермен толықтырылсын.

  1. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

15-баптың 2-тармағы «сатып алу,» деген сөздер­ден кейін «квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы,» деген сөздермен толық­ты­рылсын.

  1. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

34-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық хол­дингтердің, ұлттық компаниялардың, кейіннен сатып алу құқығымен жеке тұлғаларға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілгендерді қоспағанда, дауыс беретін акцияларының  елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы, оның ішінде кепілдік берілген тапсырысты орналастыруы Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».

  1. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 2-2), 30-1), 30-2), 30-3), 30-4), 30-5), 30-6), 31-1), 31-2), 31-3), 32-1) және 38) тармақ­шалары алып тасталсын;

2) 15-1-бап алып тасталсын;

3) 179-бапта:

3-тармақтың екінші сөйлеміндегі «Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компанияның, нәтижесінде құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің оннан аз» деген сөздер «Тендер, аукцион және баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен өткізілген сатып алу нәтижелері бойынша жасалатын мәмілелерді қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компанияның, нәтижесінде құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің оннан аз» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компанияның директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметтің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін, жұмыс тәртібін айқындау, оның басшысы мен жұмыскерлерін тағайындау және олардың өкілеттіктерін тоқтату, оның жұмыскерлеріне еңбекақы төлеудің мөлшері мен өзге де шарттарын айқындау мәселелері жатады.»;

4) 180-баптың 2-тармағының екінші сөйлеміндегі  «Құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің оннан аз» деген сөздер «Тендер, аукцион және баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен өткізілген сатып алу нәтижелері бойынша жасалатын мәмілелерді қоспағанда, құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің оннан аз» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 181-бапта:

5-тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасындағы «бекіту;» деген сөз «бекіту жатады.» деген сөздермен ауыстырылып, 10) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің директорлар кеңестерінің айрықша құзыретіне сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қыз­меттің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін, жұмыс тәртібін айқындау, оның басшысы мен жұмыскерлерін тағайындау және олардың өкілеттіктерін тоқтату, оның жұмыскерлеріне еңбекақы төлеудің мөлшері мен өзге де шарттарын айқындау мәселелері де жатады.»;

6) 12-1-тарау алып тасталсын.

  1. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпан­дағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 8-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 29-2) тармақшамен толықтырылсын:

«29-2) Қордың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын Қор тікелей немесе жанама түрде иеленетін ұйымдардың сатып алуын жүзеге асыру тәртібін бекіту;»;

2) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«19-бап. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу

Қордың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызын Қор тікелей немесе жанама түрде иеленетін ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыры­лады.».

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қараша­дағы Қазақстан Республикасының Заңына:

16-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет өз өкілеттіктерін квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуел­сіз жүзеге асырады, директорлар кеңесіне, бай­қау ке­ңе­сіне (ол болған кезде) немесе өзге де тәуел­сіз бас­қару органына есеп береді және Қазақстан Рес­­­пуб­­ликасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қ­имыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қам­­та­масыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады. Сыбай­лас жем­қорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің құзыреті, қыз­метін ұйымдастыру мен оның тәртібі квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі актісінде айқындалады.».

  1. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қара­шадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

54-баптың 3-1-тармағының бірінші және екінші бөлік­теріндегі «мемлекеттік сатып алу» деген сөздерден кейін «, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап. Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 8 маусым  

№ 48-VІI  ҚРЗ