Кино • 09 Маусым, 2021

Ақан Сатаевтың «Боксер» фильмі жарыққа шығады

633 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Режиссер Ақан Сатаев өзінің Instagram-дағы парақшасында «Боксер» фильмінің ресми трейлерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақан Сатаевтың «Боксер» фильмі жарыққа шығады

Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық киноны қолдау орталығы» қолдауымен SATAIFILM компаниясы түсірген спорттық драма Олимпиада чемпионы Серік Сапиевтың өмірбаянына негізделген.

Айта кетейік, фильмдегі басты рөлді жас актер-дебютант Смадияр Сабыров сомдады.