Видео • 09 Маусым, 2021

Екібастұзда зират орналасқан жерден өрт шықты

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрт болған жерге 2 техника АЦ 8-5-40 пен жеке құрамнан 8 адам жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Екібастұзда зират орналасқан жерден өрт шықты

Instagram әлеуметтік желісінде Екібастұз қаласының маңындағы зираттың жанында қоқыстар өртеніп, қою көк түтін  көтерілгені түсірілген бейнеролик жарияланды. Ролик авторы «Бұл түтін қала ортасынан көрініп тұр» деп жазған. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұл өрт ипподромның артындағы зиратт маңында шыққан. 

- Құрғақ шөптер мен техникалық бұйымдар өртенді. Сол жерде 2 техника АЦ 8-5-40 пен жеке құрамнан 8 адам жіберілді. Өрт сөндірушілерді сумен қамтамасыз ету үшін қалалық су каналының су тасығышы қосымша жіберілді, - деді қала әкімдігіндегілер.