Оқиға • 09 Маусым, 2021

Бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Қазбек Ашляев өмірден өтті

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қазбек Ашляев өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Қазбек Ашляев өмірден өтті

Қазбек Ашляев – Қазақ КСР, КСРО және Қазақстан Республикасының бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 1945 жылы наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген.

Ол 1962 жылы бокстан өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақ КСР жеңімпазы, 1962 жылы жасөспірімдер арасында КСРО біріншілігінің чемпионы атанды. 1964 жылы ересектер арасында КСРО біріншілігін жеңіп, бокстан Еуропа Кубогын жеңіп алды.

Ашляев туризм және спорт министрінің орынбасары және  Білім министрлігінің дене тәрбиесі және спорт басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.