Оқиға • 09 Маусым, 2021

Шымкентте пәтер тонаған ер адам ұсталды

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте алтын бұйымдарды балкон арқылы ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте пәтер тонаған ер адам ұсталды

2021 жылдың 6 маусымында Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне жергілікті тұрғын арызданған.

Ол өз арызында белгісіз адам үйінің балконы арқылы кіріп, жатын бөлмесінде тұрған құны 80 мың теңге тұратын бір дана алтын комплект сырға және сақинасын, құны 110 мың теңге тұратын бір дана алтын комплект сырға мен сақинасын, құны 15 000 теңге тұратын аяқ киімін және қонақ бөлмесінде тұрған 50 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін айтып шағымданған.

Күдіктінің келтірілген жалпы шығын көлемі 250 000 теңгені құрады. Қаратау АПБ КПБ-нің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Тексеру амалдары жүргізілуде.